«Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары /екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 33 бұйрығы (2018.06.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары /екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 33 бұйрығы

(2018.06.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 84 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017.25.07. № 286 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017.25.07. № 286 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мына:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына осы бұйрықтың көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.